ОСМС

ӘМСҚ 2023 жылдың 1 маусымынан бастап медициналық сақтандыру мәселелері бойынша барлық консультацияларды 1414 Бірыңғай байланыс орталығы ұсынатынын хабарлайды.

Сонымен қатар, өтініштерді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram боты және Қордың веб-сайты да бұрынғыдай қабылдайды

  1. https://special.nur.kz/minzdrav-osms-1-kaz
  2. http://special.nur.kz/osmskaz

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне азаматтардың тіркелу науқанының жүргізілетіндігі бойынша хабардар етеді»

2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне азаматтардың тіркелу науқаны басталып, ол 2017 жылдың 15 қарашасына дейін созылады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №591 бұйрығымен(мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде №15604 тіркелген) және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСӘМ 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 бұйрығына сәйкес (мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде №11268 тіркелген) азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға тіркеу науқаны Қордық жүргізілу негізі болып табылады.

Тіркелу науқаны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде немесе тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізіледі.

Осыған байланысты, қыркүйек айының 7-13 аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде немесе тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер қорын реттеу рәсімі жүргізілді. Мәліттер қорын реттеу кезінде негізгі акцент медициналық қызметті іске асыру мемлекеттік лицензиясы бар жеке медициналық ұйымдар, медициналық қызмет көрсететін қызмет берушілер болды.

Денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер қоры 2017 жылдың 14 қыркүйегінде уәкілетті орган ғаламтор- ресурсындағы (www.mz.gov.kz), облыстық денсаулық сақтау басқармаларында,Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (www.fms.kz) орналастырылады.Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау субъектілерінің мәлімет қоры 56 медициналық ұйымнан, оның ішінде 33 мемлекеттік, 23 жеке ұйым бар, 2017 жылмен салыстырғанда ұйымдар саны 16,6 пайызға ,жеке ұйымдар 35,3 пайызға өскен.

Азаматтардың АМСК ұйымдарына тіркелуі тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері , қызметі, окуы және әкімшілік-аймақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйым мен дәрігерді еркін таңдау бойынша жүргізіледі. Азаматтың еркін таңдау бойынша дәрігер мен емхананы жылына бір рет таңдау жасап тіркелуге болады.

АМСК ұйымдары тіркеуді азаматтардың жеке қабылдауымен өткізіледі. Ал егер отбасы мүшесінің хат түрінде жазған өтініші негізінде немесе отбасы мүшесін анықтайтын жеке куәлігі болған жағдайда сол жағдайда тіркелуге болады. Он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу тіркелген тұлғаның жеке тұлғасын анықтайтын куәлігі бар кезде жүзеге асырылады.

Медициналық қызмет көрсету үшін АМСК ұйымдарын таңдау кезінде емхананың уйге жақын орналасуын назарға алған жөн, өйткені жедел көмек шақыртқан уақыттта уақытылы және сапалы көмек алудың жолы болып табылады.

Сонымен, Сіз емхана таңдадыңыз. Енді оған қалай тіркелуге болады? Ол өте оңай. Оған сіз емханаға жеке куәлігіңізді алып, емхананың бас дәрігеріне өтініш жазасыз. Ешқандай мекенжай анықтамасы керек емес. Сіздің тіркеліміңіз өтінішіңіз түскен күні қабылданады.

Емханаға тіркелудің екінші тәсілі ол ғаламтор қолданушылары үшін өте қолайлы. Ол үшін «электрондық үкімет» арқылы азаматтың мәліметтері көрсетілген электрондық құжат түрінде өтінім жібересіз. Емханадағы жауапты тұлға сіздің өтініміңізді алғаннан кейін электронды түрде сізді тіркейді. Тіркелу туралы ақпаратты «egov» порталы арқылы «емхананы таңдау» бөлімінен қарауға болады.

Айта кетерлік жайт, азамат тек бір емханаға ғана тіркеле алады, паралельді түрде бірнеше емханаға тіркелу мүмкін емес. АМСК ұйымдарына ертеде тіркелген азаматтардың өтінімдері бойынша тіркелген азаматтар АМСК ұйымдарынан шығуы «Халықтың тіркелу тізілімі» порталының мәліметтер қорынан автоматты түрде алынып тасталынады.

Жаңартылған немесе қосымша ақпаратты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz) жеке сайтынан алуға болады.

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын
жүргізуді бастау туралы
хабарлама

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 11268 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15604 тіркелген) сәйкес 2017 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі — ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді басталуы туралы хабарлайды.

Тіркеу кампаниясы тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры уәкілетті органның (www.mz.gov.kz), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарында 2017 жылғы 14 қыркүйекте орналастырылады.

Азаматтарды тіркеу ӘМСК ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тікелей немесе жазбаша немесе «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінгенде жүргізіледі.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz